ТРАНСФОРМАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЫРТҚЫ КИІМ ЖИЫНДАРЫН ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.63464/3079-3394-2025-1-36-40Кілт сөздер:
Трансформация, Көпфункционалды балалар киімі, Дизайн, ЖобаАңдатпа
Мақала трансформация әдісімен балалар киімін жобалаудың артықшылықтарына арналған. Көп функционалды балалар киіміне қойылатын талаптар мен түрлендіру әдістері зерттелді. Зерттеу авторлары өздеріне ыңғайлы, стильді және танымал балалар киімінің жиынтығын жасау міндетін қойды. Еліміздің климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған көп функциялы маусымдық киім бірқатар маңызды мәселелерді шешеді: ол температураның күрт өзгеруінен қорғауды қамтамасыз етеді, трансформациялану мүмкіндігіне байланысты бірнеше маусымда қолдануға болады, сонымен қатар жайлылыққа кепілдік береді және балаға қызығушылық тудырады. Балалар киімінде функционалдылыққа, ыңғайлылыққа және баланың өсуіне бейімделуге бағытталған трансформация әдістері кеңінен қолданылады. Трансформацияланатын модельдер пішіндердің өзгеруіне және көп функционалды дизайнға байланысты өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Мақалада киім сұлбасы нұсқалары, ыңғайлы және қозғалысты шектемейтін түрлендірілетін балалар киіміне арналған материалдарды дұрыс таңдау талқыланды. Бұл әдіспен әзірленген балалар киімдері жеңіл өнеркәсіптің келешегі болып саналады, сонымен қатар трансформация тенденциясы тек ересектерге арналған киімдерде ғана емес, сонымен қатар балалар сәнінде де өзекті екені атап өтіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 С.Ш. ТАШПУЛАТОВ, ИСРОИЛОВА М. О.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.