МОДЕЛЬДІҢ ТҰРАҚТЫ ВИЗУАЛДЫ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ РӨЛІ
Экодизайн және модельдердің онлайн репрезентациясындағы цифрлық стратегиялар
DOI:
https://doi.org/10.63464/3079-3394-2025-2-5-9Кілт сөздер:
тұрақты имидж, модель, цифрлық сән, метаверс, визуалды бейнелеу, әлеуметтік желілер, экодизайнАңдатпа
Модельдік индустрияның цифрлану жағдайында тұрақты визуалды имиджді қалыптастыру мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Осы зерттеудің мақсаты — цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілердің эко-бағдарланған модель бейнесін құру, дамыту және нығайтудағы рөлін анықтау. Негізгі назар онлайн-репрезентация механизмдерін талдауға, сондай-ақ метағалам, виртуалды аватарлар және цифрлық сән сияқты жаңа цифрлық құралдарды тұрақты өзін таныту стратегияларына енгізу мүмкіндіктеріне аударылған. Жұмыс автордың жеке тәжірибесіне негізделіп, қазіргі практикалардан алынған мысалдар, жағдайлар және аналитикалық байқауларды қамтиды.