КЛАССИКАЛЫҚ СИММЕТРИЯ ҚАҒИДАСЫН ҚОЛДАНУ МЫСАЛЫНДА КОСТЮМНІҢ ПІШІН ҚАЛЫПТАСУЫ
DOI:
https://doi.org/10.63464/3079-3394-2025-2-33-40Кілт сөздер:
пішінді жасау, костюм элементтері, конструктивті әдіс, классикалық симметрия, пішінді өзгертуАңдатпа
Мақалада классикалық симметрия қағидасы бойынша киімнің элементтері мен бөлшектерін пайдалану негізінде костюмдегі пішін қалыптастыру процесі қарастырылады. Зерттеуде белгілі бір қасиеттері, өзіндік пропорциялары мен екпіндері бар костюм пішіндерінің өзгермелі шешімдерін алуға мүмкіндік беретін конструктивті пішін қалыптастыру әдісін қолданады. Классикалық симметрия принципі бойынша элементтер мен бөлшектерді түрлендіру заңдылықтарының мысалында қарастырылған, костюмнің көркемдік қалыптасуында тиісті рөл атқаратын пішін бірліктердің үлкен және кіші құрамдас бөліктері мен байланыстарын анықтайтын көп деңгейлі жүйе ретінде ұсынылады. Элементтердің табиғи орналасуы костюмнің көрінісіне композициялық логиканың орындылығы мен бағыныштылығына байланысты көркемдік мәнерлілік береді, оған сәйкес пішінмен үйлесімділік анықталады.