ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ГАРДЕРОБТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.63464/3079-3394-2025-2-21-32Кілт сөздер:
егде жастағы әйелдер, физиологиялық ерекшеліктер, капсула гардеробы, базалық гардероб, мақсатты аудитория, дене бітім типтері, түсті типтерАңдатпа
УМРАЛИЕВА Б.И.*, АСАНОВА Б.Е., МҰСТАФИНА Ж.Т., ТҰЯҚБАЕВА А.Ш.
(Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Дизайн және технология институты, Қазақстан Республикасы, 050035, Алматы қ., Жандосов к-сі, 59)
Автор-корреспонденттің электрондық поштасы: illaridan_bela@mail.ru*
Егде жастағы әйелдерге арналған капсулалық гардеробты жобалау үшін бастапқы ақпаратты қалыптастыру процесінде мақсатты топтың гардеробын қалыптастыруды талдау және олардың қалауларын талдау қажеттілігі туындады.
Әйел отандастарымыздың көшеде, жұмыста және интернеттегі гардеробтарының фотоларын қарастырғанда, олардың тек аз саны ғана физиологиялық өзгерістерін ескере отырып, киім таңдауына елеулі назар ауадратына көзіміз жетті.
Бұрын бұл жұмыстың авторлары егде жастағы тобындағы әйелдердің физиологиялық ерекшеліктері дененің әртүрлі бөліктеріндегі май ұлпаларының дамуының жоғары дәрежесімен және біркелкі емес таралуымен және олардың киім таңдауға әсерімен сипатталатынын анықтады, бұл үйлесімді киімді жобалау процесін қиындатады.
Жұмыс барысында, Қазақстан қалаларынан 50 адам көлеміндегі мақсатты аудиторияның іріктемесіне қазақ және орыс тілінде Google кестесі арқылы сауалнама жүргізілді.
Казіргі уақытта Қазақстанның ғылыми жұмыстарында, егде жастағы әйелдерінің гардеробты қалыптастырудағы артықшылықтарын талдауы жоқ екенін және осы зерттеу елеулі қызығушылық тудыратынын, сонымен қатар зерттелетін нысаналы топтың артықшылықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындардың егде жастағы әйелдеріне арналған капсулалық гардеробты жобалау үшін бастапқы ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.