Автор нұсқаулығы
«ATU Design Science» журналына қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі журналдың ғылыми бағыттарына сәйкес келетін мақалалар қабылданады, мақалалар журналдың қолжазба стиліне қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.
Қолжазбада мақаланың барлық метадеректері мен авторлары көрсетілуі тиіс, мақала электрондық платформа арқылы жауапты автормен жүктеледі.
Мақаланы журнал талаптарына сай келтіру үшін келесі ҮЛГІНІ пайдаланыңыз.
Авторларға қойылатын талаптар:
• Мақала журналдың ғылыми бағыттарына сәйкес және бұрын жарияланбаған болуы керек. Мақала тек электрондық форматта (.doc, .docx) журнал сайтының "Мақала жіберу" функциясы арқылы жүктеледі.
• Мәтін WORD 6.0 - 7.0 редакторында "Times New Roman" және "Times Kaz" қаріптерімен терілуі тиіс, қаріп өлшемі – 12, жоларалық интервал – 1, барлық жағынан өрістер – 20 мм.
• Суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және басқа да элементтер мәтіннің ішінде нөмірі мен атауы көрсетіле отырып орналастырылуы тиіс (мысалы, Сурет 1 – Сурет атауы). Кестелер, диаграммалар мен суреттердің жалпы көлемі мақала көлемінің 30%-нан аспауы тиіс.