АРАЛАС ФАКТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН КЭЖУАЛ СТИЛЬДЕГІ КИІМ ТОПТАМАСЫН ЖОБАЛАУ

Авторлар

  • Айгуль Абдикаева Алматинский технологический университет
  • Айгүл Абишова Алматы технологиялық университеті image/svg+xml
  • Нұрайым Қуанышова

DOI:

https://doi.org/10.63464/3079-3394-2026-1-5-12

Кілт сөздер:

кэжуал стиль, киім жиынтығы, аралас фактуралы материалдар, графикалық эскиз, «Түріксіб» картинасы, компьютерлік жобалау

Аңдатпа

Бұл мақалада әр түрлі фактуралы маталарды біріктіру арқылы қыздарға арналған кэжуал стильдегі киім жиынтығын жобалау мәселесі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – үш жіпті трикотаж, барқыт және зығыр сияқты материалдарды үйлестіре пайдалану арқылы киім топтамасының эстетикалық, функционалдық және эргономикалық қасиеттерін арттыру, сондай-ақ оны көркем принтпен безендіру арқылы дизайнның көркемдік мәнін күшейту болып табылады. Жобалау процесінде шығармашылық көз ретінде Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің «Түріксіб» картинасы таңдалды, себебі оның мазмұны индустрияландыру, қозғалыс, прогресс және ұлттық мәдени элементтерді бейнелей отырып, топтаманың идеялық негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында компьютерлік графика құралдары (Corel Draw) және автоматтандырылған конструкциялық бағдарламалар (Grafis) қолданылып, киім эскиздері мен конструкциялық шешімдері әзірленді. Материалдардың үйлесімділігі, түстік шешімдер және текстуралық комбинациялар талданып, бұйымдардың сәндік, функционалдық және киюге қолайлылық сипаттары бағаланды. Зерттеу нәтижелері аралас фактуралы материалдарды қолдану кэжуал стильдегі киімдерді жобалау әдістемесін жетілдіруге және олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті, осы зерттеу жұмысының нәтижелері сән индустриясы, дизайн және материалтану бағыттарында ғылыми әрі тәжірибелік маңызға ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-03

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар

Категориялар

Ұқсас мақалалар

21-22 тен 22

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары