ЭТНОДИЗАЙН ЖӘНЕ МӘДЕНИ КОДТАРДЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚАЗАҚ ТЕКЕМЕТ ӨРНЕГІНІҢ ЗАМАНАУИ СӘНДЕГІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.63464/Кілт сөздер:
этнодизайн, қазақ ұлттық киімі, текемет өрнегі, сублимациялық баспа, мәдени код, семиотика, экологиялық сән, заманауи сән индустриясыАңдатпа
Мақалада этнодизайн ұғымы және оның қазіргі қазақстандық сән индустриясындағы стратегиялық рөлі жан-жақты әрі ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - дәстүрлі қазақ киімінің концептуалды элементтері (орнамент, форма, материал, символика) заманауи сән тілінде қалай қайта ұғынылып, жаһандану жағдайында ұлттық мәдени сәйкестікті сақтауда қандай маңызға ие екенін айқындау болып табылады. Мақалада негізгі назар текемет өрнегінің эстетикалық және семиотикалық қырларына, сондай-ақ оны сублимациялық баспа технологиясы арқылы заманауи маталарға көшірудің инновациялық жолдарына аударылады.
Автор бұл технологияны киім үлгісіндегі заманауи көркемдік шешім ретінде пайдаланудың және дәстүр мен инновацияны өзара үйлестірудің оңтайлы тәсілдерін ұсынады. Сублимация әдісі дәстүрлі өрнектің реңк тұрақтылығын жоғары деңгейде сақтауға, ою-өрнектің табиғи құрылымын дәлдікпен беруге және экологиялық таза материалдар негізінде сапалы өнім алуға мүмкіндік беретіні ғылыми негізделеді. Зерттеу барысында қазақ киімінің тарихи даму сатылары мен семиотикалық принциптері сараланып, маңызды мәдени кодтардың (түс, форма, символ) жүйесі терең талданды. Сонымен қатар, қазіргі қазақстандық дизайнерлердің шығармашылық тәжірибесі зерделеніп, этноэлементтердің авторлық жобалар мен масс-модадағы қолданыс ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалды. Нәтижесінде этнодизайн бағыты ұлттық мәдени мұраны жаңғырту, экологиялық жауапты сән мәдениетін қалыптастыру және цифрлық инновациялық технологияларды индустрияға енгізу тұрғысынан ең тиімді әрі болашағы зор бағыт екені толықтай дәлелденді