Журнал туралы
ATU Design Science журналы 2024 жылы құрылған. Журналдың негізін қалаушы және шығарушысы – «Алматы технологиялық университеті» АҚ. Журналдың әзірленген және бекітілген мұқабасы мен титулдық беттері бар, онда университет туралы ақпарат, шығарылым туралы ақпарат (bibliographic information), редакциялық алқаның құрамы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайт көрсетілген.
Журнал жылына 4 рет шығады
Журналдың редакциялық алқасына жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдар кіреді.
Журнал ақпараттық ашықтық саясатын ұстанады және авторлардың мақалалары журналдың веб-сайтында үш тілде толық мәтінді қолжетімділікпен орналастырылады.
Журнал мақсаттары
- отандық және шетелдік магистранттар, докторанттар, профессор-оқытушылар құрамы арасында дизайн саласындағы тәжірибе, идеялар мен ұсыныстар алмасу үшін тақырыптық пікірталас және ғылыми алаңдарды құру;
- жобалық-конструкторлық қызмет саласында қазақстандық және шетелдік ғалымдар жүргізген озық зерттеулер туралы ақпараттандыру;
- сәулет ортасының дизайны (интерьер, экстерьер), сән дизайны, графикалық және өнеркәсіптік дизайн, оның ішінде эко-дизайн салаларындағы өзекті мәселелерді қамту;
- шығармашылық салаларда мамандарды даярлаудың заманауи халықаралық деңгейіне сәйкес келетін жоғары сапалы дизайн біліміне жәрдемдесу;
- халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару мақсатында дизайн саласындағы зерттеулердің нәтижелерін ілгерілету, жас ғалымдар мен кәсіби мамандардың ғылыми және шығармашылық қызметін қолдауға арналған қорлар құру.
Журнал міндеттері
- дизайнның әртүрлі бағыттары: сәулеттік орта (интерьер, экстерьер), сән дизайны, графикалық және өнеркәсіптік дизайн,- бойынша қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- дизайн бағытында кәсіби бірлестіктер мен оқу орындарының халықаралық және отандық тәжірибесін тарту;
- жарияланған ғылыми еңбектерді әртүрлі шетелдік дәйексөздер базаларында тарату және индекстеу мүмкіндігін кеңейту.
- Журналдың тақырыптық бағыттары
Журнал келесі тақырыптық бағыттар бойынша мақалаларды жариялайды:
- дизайнды оқытудың өзекті мәселелері,
- дизайн - белсенділік,
- графикалық жобалау және өнеркәсіптік дизайн,
- сән дизайны,
- сәулеттік ортаны жобалау (интерьер, экстерьер).
Қолжазбаны басып шығару шарттары
«ATU Design Science» журналы жылына 4 рет онлайн (электрондық) және қағаз түрінде келесі белгіленген журналдың шығу мерзімдерінде шығарылады: бірінші саны ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін, екінші саны – 30 маусымға дейін; үшінші шығарылым – 30 қыркүйекке дейін және төртінші шығарылым – 30 желтоқсанға дейін.
«ATU Design Science» журналында жариялау үшін журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қатаң түрде қолжазба талаптарына сәйкес құрастырылған қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады.
Қолжазбаны автор хат алмасу үшін электронды платформа арқылы мақаланың және оның авторларының барлық метадеректерін көрсете отырып жүктеп салуы керек. Бір автордың мақаласы (жеке немесе бірлесіп дайындалған) журналда журналдың ағымдағы нөмірінде бір реттен жиі емес жариялануы мүмкін.
Авторлар бұрын басқа басылымдарда (баспа, электронды және басқа да ашық көздерде) жарияланбаған түпнұсқа жұмысын редакцияға ұсынуы керек. Авторлар сәулет ортасының дизайны, сән, өнеркәсіптік және графикалық дизайн саласындағы жобалық зерттеулер нәтижелерінің сенімділігі, жаңалығы және дәлелі үшін жауапты. Жобалау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық зерттеулермен, жобалау объектісін практикалық өңдеумен, оның ішінде концепциялық жобалаумен, тәжірибелік зерттеулермен, сызбалармен, есептеулермен, графикалық, конструкторлық қызметтің конструкторлық шешімдерімен ұсынылуы керек. Қолжазбаны «ATU Design Science» журналының редакциялық алқасы мен рецензенттері қарау сатысында, сондай-ақ оны жариялағаннан кейін авторлар бұл қолжазбаны басқа басылымда жариялау үшін қарауға ұсынбауға міндеттенеді.
Қолжазбамен жұмыс жасау кезеңдерінде редакторлар, тиісті автор және рецензенттер арасындағы байланыс Open Journal Systems электронды (онлайн) платформасы арқылы, ал ерекше жағдайларда – электронды пошта арқылы жүзеге асырылады.
Журналдың редакциялық алқасы автордан/авторлардан келіп түскен қолжазбаларды қарайды, оларды қарауды ұйымдастырады және қолжазбаны электронды платформа арқылы алған күннен бастап алты ай ішінде жариялау немесе жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Авторлармен келісім бойынша редакция мақаланы ағылшын тіліне аудару құқығын өзіне қалдырады
Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторы (авторлары) журналдың веб-сайтында орналастырылған «ATU Design Science» ғылыми журналында жариялау үшін бекітілген прейскурантқа сәйкес жариялау үшін ақы төлеуі керек. PDF форматында жариялау үшін төлем түбіртегін автор(лар) журнал редакциясының электрондық мекенжайына жібереді.
Жариялау ақысы
Журналды басып шығару шығындарын ішінара өтеу үшін бір басылымның құны 25 000 теңге болып белгіленді. АТУ қызметкерлері үшін төлем 20 000 теңгені құрайды.Төлем мақаланы жариялауға қабылданғаннан кейін және редакциядан хабарландыру алғаннан кейін төленеді. Жазылым бойынша «Қазпочта» АҚ арқылы журналдың бір нөмірін сату құны 1100 теңгені құрайды.