ЭТНО СТИЛДЕГІ МАУСЫМДЫҚ ӘЙЕЛДЕР ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ДИЗАЙН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.63464/3079-3394-2025-4-18-24Кілт сөздер:
этно, бейне, костюм, стилизация, тренд, киізАңдатпа
Мақалада этно стилдегі маусымдық әйелдер жиынтығының этно элементтер негізінде ылғалды киіз басу технологиясы декоративті безендіруде қолданылды. Жобалау процесін дамыту, ғылыми негіздерді бағалау, ұлттық дәстүр мен заманауи костюмдердің гармониялық үйлесімділігін қамтамасыз ете алатын жаңа жиынтық үлгілері ұсынылған. ұлттық дәстүрлерді зерделеу тұрғысынан заманауи маусымдық костюм дизайнын құрастыру. Костюмді этно элементтермен безендіру кезінде жаңалау және көркемдік бейне шешімдерінің пайда болу тәсілдерін жетілдіру.
Ғылыми маңыздылығы – қазіргі сән бағытына сай, костюм үлгілерін жобалау үрдісінде ұлттық этно элементтерді қолдану, бұйымның эстетикалық сапасымен, костюмнің сәндік безендірілуінің жаңартылуында. Костюмде дәстүрлі элементтерді пайдалана отырып жүзеге асырып, олардың нәтижелерін киімнің көркемдік жобасында қолданылған.
Мақсаты: Ұлттық костюмінің көркемдік құрылымының, элементтерінің, формаларының, декорацияларының, символикасын және бейнелерінің ерекшеліктерін қазіргі заманғы киім дизайны практикасында қолдану ерекшеліктерін анықтау.
- қазақтың ұлттық костюмдеріне талдау жасап, заманауи дизайнда қолдануға болатын негізгі этникалық элементтерді бөліп көрсету;
- қазақ ұлттық киімдерінің декоративтік безендірілуін зерттеу негізінде безендіру элеменеттерін жүйелендіру;
- зерттелген этникалық элементтерге негізделген маусымдық костюмдер жиынтығының дизайнын жасау.