ЗАМАНАУИ СӘУЛЕТ ПЕН ДИЗАЙН ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.63464/3079-3394-2026-1-24-31Кілт сөздер:
сәулет, дизайн, стильдік ерекшелік, функционалдылық, технология, түс психологиясы, заманауи үрдістерАңдатпа
Мақалада заманауи сәулет пен дизайн салаларының даму ерекшеліктері, олардың өзара ықпалдастығы мен стильдік үйлесімділігі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі кезеңдегі сәулет пен дизайнның функционалдылық, технология және эстетика негізінде кешенді дамуына байланысты айқындалады. Зерттеу мақсаты – сәулет пен дизайндағы стильдік ерекшеліктерді, заманауи материалдар мен технологиялардың ықпалын, сондай-ақ олардың адамға психологиялық әсерін талдау. Мақалада геометриялық нақтылық, функционалдылық, инновациялық материалдар және түс психологиясы сияқты негізгі бағыттар жүйеленеді. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік тәжірибелер салыстырылып, олардың ерекшеліктері мен даму бағыттары анықталады. Зерттеу нәтижелері сәулет пен дизайнның қазіргі заманғы тенденцияларын кешенді түрде түсінуге мүмкіндік береді.